Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстандағы аймақтық турнирдің кубогы кімге бұйырды?

11-12 наурыз күндері С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Ділмар» дебат клубының ШҚО ішкі саясат басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» ұйымдастыруымен «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясы – мәңгілікке бастар жол»  атты Шығыс Қазақстан аймақтық пікірсайыс турнирі өтті.

Республиканың Астана, Алматы, Семей, Өскемен аймақтарынан және ШҚО-ның бірнеше аудандарынан келген 64 ойыншыдан тұратын 32 фракция аталған турнирде бағын сынаған болатын. Ал турнирдің бас ұйымдастырушысы  қызметін атқарған «Ділмар» дебат клубының координаторы Айнұр Қали.

Бұл менің бас ұйымдастырушы рөліндегі тұңғыш турнирім, сонда да жарысымыз айтарлықтай жақсы деңгейде өтті. Ойнатылған қарарлар өзекті, бізге, яғни жастарға, мемлекетімізге тікелей қатысты. Осы турнирді өткізуіміз арқылы бір жағынан жастарымызға қазіргі қалыптасқан жайғдайлар туралы түсінік береміз, екінші жағынан Өскемен пікірсайысын дамытамыз десек, үшінші жағынан аймақтар арасындағы достықты нығайтамыз, - деді турнирдің бас ұйымдастырушысы Айнұр Қали.

Жарысқа қатысушылар «Жастардың жұмыссыздығына жастардың өзі кінәлі», «Жастар арасындағы суицидпен  күресудің тиімді механизмін ұсыну», «Қолжетімді баспана-2020» бағдарламасы тиімді» және т.с.с. тақырыптарға дайындалды.

Турнир нәтижесіне сәйкес I орынды Астана қаласынана келген қонақтарымыз Дәурен Әуесханов, Жандарбек Аманжолов алса, II орында семейлік пікірсайысшылар  Қуаныш Молдақашев, Елжан Айдынұлы, III орынды иеленгендер Мирас Тұрысбеков, Нұрбек Бейсен болды.

Университетіміздің атынан 5 фракция қатысқан еді. Солардың ішінде «Брилианттар» Жадыра Мажибаева мен Бақдәулет Анас, «Ине» Жансая Ахметжанова мен Нұржау Әкбар, «Цунами» Эльмира Кунесбекова мен Айерке Оңласынова, «Мастер и Маргарита» Жансая Жақсылық пен Әділхан Есимканов, «Билингвисттер» Әділ Манапбай мен Гүлжан Естаева. Пікірсайысшыларымыз бірінші күні 4 іріктеу айналымынан өтіп, плей-офф ойындарының ¼ раундында ойнаған болатын.

                                                                                     Тәрбие жұмысы ж/е әлеуметтік мәселелер бөлімі

Қазақ
× You found a Typo