Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығыс Қазақстандағы партияның Өскемен филиалында жаңа төраға тағайындалды

Дауыс беру Өскемен филиалының ХХІІІ есептік-сайлау конференциясында өтті. Қаланың жаңа басшысы Жақсылық Омардың кандидатын келген 168 делегат бірауыздан қолдады.

Айта кету керек, Шығыс Қазақстанның екі үлкен қаласында облыстық филиалдың Бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтархановтың қатысуымен есептік-сайлау конференциясы өтті.  

– Маған артылған сенімге зор ықылас білдіремін, - деді партияластарына алғыс білдірген Жақсылық Мұқашұлы. – Біздің алдымызда мемлекет басшысы мен облыстық партия филиалы қойған зор міндеттер тұр. Бұл ретте қаламыздағы нұротандықтар ортақ ісімізде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарады» деп сенемін. 

Аймақтық филиал төрағасының бірінші орынбасары Әнуарбек Мұхтарханов атап өткендей, қазақстандықтардың өмір сапасы бірінші кезекте халықтың табысына, еңбек ету жағдайына, денсаулық пен білім салаларының сапасына тікелей байланысты. 

Жалпы қазіргі таңда облыста партия тарапынан атқарылып жатқан істің барысы ардагерлер, кембағал жандар мен жастар, ана мен бала, сондай-ақ, бизнестің мәселесіне бағытталған 20 партиялық жоба аясында жүруде. Бұл ретте айта кету керек, Елбасы Жолдауы жаңа партиялық жобалардың уақтылы әрі маңызды екенін айқындап берді. Солардың бірі - «1000 тегін IT-сыныптар».

Қыркүйектің бірінен ШҚО бойынша 277 ІТ-сынып ашылды. Бұдан бөлек, қазан Жолдауында берілген басымдықтың бірі ұлт саулығы. Биыл бұл бағытта партияның мектеп асханаларын жаңғыртуға бағытталған және «Денсаулық сыныптар» жобалары қолға алынған еді. Шығыс Қазақстан жобаны жүзеге асыратын алғашқы облыстардың бірі, сондықтан жаңа жылдан бастап  Өскемен мен Семейдегі 10 мектеп асханасы қайта жаңғырып, жаңа жабдықтармен қамтамасыз етіліп, балаларды стандартқа сай сапалы әрі табиғи өнім қамтамасыз ететін орынға айналады.  

«Нұр Отан» партиясы ШҚОФ баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo