Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Шығыс Қазақстанның Қызыл кітаптары»

Әлем, ал онымен бірге өзіміз де қарыштап дамудамыз. Бізді қоршағанның баршасы жаңа: зәулім үйлер, көшелер, білім және мәдениет ордалары, автокөлік, ұялы телефон және техниканың өзге де түрлері.

Алайда, бізге ендігі кезекте керегі басқа, ол – сананың жаңғыруы. Уақыттың талабын түсініп, тамырын баса білетін Елбасы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» - деп тегіннен айтқан жоқ. Жаңа технологиялар ХХІ ғасырдың басты ұранына айналғанымен, өткенге көз жүгіртіп, оны болашақтың темірқазығы ете білген жөн.

Құндылығы ғасырмен де шайылмас ескіні қадір тұтсақ, жаңалықтың жаршысы атана аламыз. Мұның байыбына бара білген университеттің А.Б.Мырзағалиева, К.П.Прокопов, А.В.Егорина, А.С.Жанбосинова сынды ғалымдары «Шығыс Қазақстанның табиғаты мен табиғи мұрасы» жобасы аясында екі Қызыл кітапты жарыққа шығару бойынша жұмыстар жүргізуде: «Табиғи және мәдени мұра нысандарының Қызыл кітабы»; «Шығыс Қазақстан жануарлары мен өсімдіктерінің Қызыл кітабы».

Қызыл кітаптарда Шығыс Қазақстанның сирек кездесетін және жоғалу қаупі бар өсімдіктері мен жануарларының түрлері, ерекше құнды табиғи нысандар туралы материалдар жинақталады, олардың негізінде қорғауға, қайта өндіруге және тиімді қолдануды мақсат тұтқан ғылыми және тәжірибелік маңызы бар шаралар жүргізілуде.

Қызыл кітаптар Шығыс Қазақстанның табиғатын жан-жақты зерттеу, сақтау, табиғи мұрасын кеңінен насихаттау тәрізді міндеттердің тиімді шешімі болып қана қоймай, тарих парақтарын ақтарып, ұлттық мұраны жаңғырту саласында бірқатар мәселелердің түйінін тарқатарына шүбә келтірмейміз.

Ғалымдарымыздың бастамасымен жүргізіліп жатқан жұмыс, біріншіден, аймақтың табиғи әлеміне жаңаша назар аударуға сеп болса, екіншіден, мәдени дәстүрдің куәсі, ерекше идеямен сусындаған халықтың сенімі іспеттес болған табиғи мұраларды дәріптеуге ықпал етеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo