Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Шығыс Қазақстанның табиғаты мен табиғи мұрасы»

Елбасының қоғамдық сананы жаңғырту жөніндегі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында С.Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің ғалымдары биология ғылымдарының докторы, стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор А.Б.Мырзағалиеваның және география ғылымдарының докторы, экология және география кафедрасының профессоры А.В.Егоринаның жетекшілігімен «Шығыс Қазақстанның табиғаты мен табиғи мұрасы» атты жоба құрастырылуда.

Жобаның мақсаты –табиғатты жан-жақты зерттеу, сақтау және 2017-2020 жж. көлемінде іргелі ғылыми-тәжірибелік және картографиялық зерттеулер жүргізу барысында «Шығыс Қазақстанның табиғаты мен табиғи мұрасы» өлкетану кешенін қалыптастыру негізінде Шығыс Қазақстанның табиғи мұрасын кеңінен насихаттау.

ҚР Президенті ұсынған «Туған жер» бағдарламасы білім беру мен экология саласында ауқымды жұмыс жүргізуді қажет етеді. «Бұл туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәстүрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі. Бұл кез келген халықты әншейін біріге салған қауым емес, шын мәніндегі ұлт ететін мәдени- генетикалық кодының негізі» - деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев.

Туған жерге деген бауырмалдылық қоршаған ортаға, табиғи ескерткіштерге, флора мен фаунаға ұқыптылықпен қараудан көрініс табуы шарт. Бүгінгі таңда тұрғындардың, соның ішінде, оқушы жастардың экологиялық мәдениетін арттыру бойынша жұмыс жасау өзекті болуда. Зерттеушілердің бірқатары экологиялық мәдениетке тәрбиелеу кешенді емес, біржақты, барлық мүмкіндікті қолданусыз жүргізілетіндігін алға тартады. Экологиялық мәдениетті қалыптастыру ісін тұлғаның әлеуметтік қажетті адамгершілік қасиетін дамыту ретінде ұғынатын кез жетті. Бұл әлемде барлығы да бір-бірімен тығыз байланысты. «Гүлге қарасаң, жұлдызды да елең еткізесің» - деп жазды аты әлемге мәшһүр ақын Френсис Томпсон.

Шығыс Қазақстан облысы бірегей табиғи және рекреациялық әлеуетке ие. Облыстың басым тұстары: ыңғайлы географиялық орналасу (Еуразияның орталығы), Ресей Федерациясымен, Қытай Халық Республикасымен және Моңғолиямен шектесу, ауқымды территория және табиғи ландшафтінің алуантүрлілігі, бірегей рекреациялық қорлар және бай табиғи және мәдени-тарихи мұра.

Аталмыш жобаны жүзеге асыру аясында табиғи мұра нысандарының, жануарлар мен өсімдіктердің Қызыл кітабын, геоэкологиялық атлас, мектеп оқушыларына арналған атлас, «Өлкетану» курсы бойынша орта мектепке арналған бірқатар оқулықтар мен оқу құралдарын жасау ұсынылады.

Жинақталған ауқымды ғылыми-теориялық және тәжірибелік материал талдауды, сараптауды және табиғатты қолдану, ғылым мен білім берудің түрлі деңгейлері (бастауыш, орта және жоғары мектеп) тәрізді салаларда пайдалануды қажет етеді.

Ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыру бөлімі

Қазақ
× You found a Typo