Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Шығыс-сүт» корпорациясымен ынтымақтастық нығайып отыр

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Д. Ерболатұлының бастамасына орай «Шығыс-Сүт» ЖШС басшылығымен бірнеше кездесу өтті. Мақсат – «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығы шеңберінде «Сүт технологиясы» білім бағдарламасы бойынша маман даярлау, химик, биолог және эколог студенттердің практикалық дайындығын арттыру.

Корпорацияның бас директоры Сейілжан Сайлаубаев бастамаларға қолдау қөрсетіп отыр. Ынтымақтастық шеңберіндегі іс-шаралар өндіріс орнында экскурсиядан жүзеге аса бастады. Өндіріс процесінің басшысы Шынар Сембаева технологиялық желілердің жұмысы, қызметкерлерге қойылатын талаптар туралы айтып берді. Компания сүт өнімдерінің 60-тан астам түрін шығарады. 100% отандық шикізат пайдаланылады. Мұнда шикізатты аймақтағы үздік шаруашылықтар жеткізеді, корпорацияның төрт меншік шаруашылығы бар.

Сонымен қатар, кәсіпорынның Бобровка ауылында Қазақстандағы алғашқы роботталған фермасы құрылды. Жас қызметкерлерге арналған жатақхана, тамақтану үшін, қызметкерлер мен олардың отбасыларының демалуы үшін жеңілдіктер, т.б. әлеуметтік қолдаулар қарастырылған.

Бүгінгі күні «Өңдеу өндірісінің технологиясы» мамандығының алты студенті корпорацияда өндірістік тәжірибеден өтуде.

Келесі жылдан мекемемен жаңа оқу бағдарламасын жасау және дуальды оқыту технологиясын жүзеге асыру жоспарланып отыр. Оқу бағдарламасына сүт өңдеу технологиясы және өңдеуге арналған жабдықтар бойынша пәндерді енгізу көзделуде. Корпорацияда заманауи автоматтандырылған жабдықтар орнатылған. Өндірістің барлық кезеңінде өнім сапасы қадағаланады. Корпорация өнімдері жоғары сапаға ие, түрлі халықаралық сайыстардың алтын медальдарымен, сертификаттарымен марапатталған. Оқу процесіне практик мамандарды кеңінен тарту көзделіп отыр.

М. Қылышқанов,

Физика және технологиялар кафедрасы меңгерушісінің міндетін атқарушы

Қазақ
× You found a Typo