Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шығысқазақстандықтар «Жыл еріктісі» халықаралық байқауына қатыса алады

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасы бойынша «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығы тағайындалды.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі волонтер жылын іске асыру аясында «Жыл еріктісі» халықаралық сыйлығына конкурс жариялайды.

ҚР АҚДМ ақпараты бойынша, халықаралық сыйлық әлеуметтік және қоғамдық міндеттерді шешуге үлес қосқан волонтерлер мен волонтерлер тобын, отандық және халықаралық волонтерлік ұйымдарды көтермелеуге бағытталған.

Байқауға әлемнің түкпір-түкпірінен үміткерлер қатыса алады. Ол үшін «Qazvolunteer.kz» интернет-платформасында волонтерлік қызмет бойынша өтінім беру және деректерді толтыру қажет. Өтінімдерді қабылдау 2020 жылғы 26 қазан сағат 09.00-ден басталады және 2020 жылғы 15 қараша сағат 09.00-ге дейін жалғасады.

Байқау екі кезеңде өтеді. Бірінші кезеңде «Qazvolunteer.kz» интернет-платформасында ашық онлайн-дауыс беру арқылы, екінші кезең аясында ең көп дауыс жинаған қатысушыларды конкурстық комиссия бағалайтын болады.

Нәтижесінде келесі номинациялар бойынша үш үміткерден жеңімпаз болып танылады: «Үздік волонтерлік ұйым», «Корпоративтік волонтерлік көшбасшысы», «Коронавирустық инфекциямен күреске қатысқаны үшін», «Тұрақты даму мақсаттарының көшбасшылары», «Үздік әлеуметтік көмекші», «Төтенше жағдайларды жоюға белсенді қатысқаны үшін», «Хабар-ошарсыз кеткен адамдарды іздеуге белсенді қатысқаны үшін», «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін», «Денсаулық сақтауды дамытуға белсенді қатысқаны үшін», «Салауатты өмір салтын насихаттауға белсенді қатысқаны үшін», «Қоршаған ортаны қорғауға және сақтауға қосқан үлесі үшін», «Бейбітшілікті, достық пен келісімді нығайтуға қосқан үлесі үшін», «Тарихи-мәдени мұраны сақтауға және дамытуға қосқан үлесі үшін», «Зообақтан қорғау мәселелерін шешуге қосқан үлесі үшін», «Әлеуметтік міндеттерді шешуге қосқан үлесі үшін».

«Жыл волонтері» халықаралық сыйлығын беру қағидалары ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің интернет–ресурстарында орналастырылған.

ШҚО Ақпараттық орталығы

Қазақ
× You found a Typo