Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Шымкенттен жеңіспен оралдық

30-31 наурызында М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде (Шымкент қаласы) IX республикалық пәндік олимпиада өтті.

Олимпиадаға Республика бойынша 18 ЖОО: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қожа Ахмед Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті, Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті, М. Тынышбаев атындағы Қазақ транспорт және коммуникация академиясы, А.Мырзахметов атындағы Көкшетау университеті, С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университеті, М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекттік университеті және т.б университеттерден студенттер қатысты.

Олимпиада 3 бағытта: химиялық технология, тіршілік қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі, мұрағат ісі бойынша ұйымдастырылды. Барлығы 120 білім алушылар қатысты.

Біздің университеттің жаратылыстану ғылымдары мен технологиялар факультетінің экология және география кафедрасының Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі мамандығының 2-курс студенттері Азимханов Аслан, Сейітжан Дидар, Ибаділдаева Маржан және Панзабек Шаттық кафедраның аға оқытушысы Байжуманова Л.Т. жетекшілігімен «Тіршілік қауіпсіздігі» және «Өрт қауіпсіздігі» пәндері бойынша олимпиадаға қатысты. Олимпиада 2 кезең бойынша өткізілді: біріншісі – компьютерлік тестілеу; екіншісі – практикалық тапсырмалар мен есептер шешу.

Олимпиадаға әділ қазы ретінде М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты. Республикалық олимпиада нәтижесі бойынша С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі» мамандығының 2-курс студенті  Азимханов Аслан 3-ші дәрежелі дипломның иегері болды.

М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің ректоры Ж.Мырхалыковтың атынан біздің университеттің ректоры Ә.Ө. Қуандықовтың атына С.Аманжолов атындағы ШҚМУ олимпиада жұмысына қатысқаны үшін алғыс хат табыс етілді.

Және де 2 курс студенттері Сейітжан Дидарға, Ибаділдаева Маржанға және Панзабек Шаттыққа алғыс хаттар табысталды. Келесі Х-шы Республикалық пәндік олимпиаданы өткізу эсафетасы 1-ші орынды жеңіп алған иегер Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті студенттері болғандықтан, 2018 жылы Қарағанды қаласында өткізіледі.

Экология және география кафедрасы мен олимпадаға қатысқан студенттер ШҚМУ басшылығына олимпиадаға қатысуға қолдау көрсетіп, мүмкіндік бергені үшін алғыстарын білдіреді.

Экология және география кафедрасы

 

 

Қазақ
× You found a Typo