Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Сібе» демалыс базасы демалушыларды қабылдауға дайын

2 шілдеден бастап «Сібе» демалыс базасы (Оқу-далалық іс-тәжірибе орталығы) іске кіріседі, онда биыл бірқатар оң өзгерістер орын алған.

Атап айтсақ, үйлердің шатырлары жөнделді, асүйге тамақ әзірлеуге арналған плиталар, демалыс бөлмесіне теледидар алынды. Сондай-ақ, тапшандар мен биотуалеттер орнатылды.

Қазіргі кезде соңғы дайындық жұмыстары жүріп жатыр, тоңазытқыштар мен төсек-орын жабдықтары тасылуда.

Базада барлығы 10 қалқанды және 3 кірпіш үй бар.

Жолдама жеңілдетілген бағамен беріледі. Демалысқа отбасын бірге алуға болады.

Орналасу мерзімі дүйсенбіден дүйсенбіге дейін, бірақ аталмыш мерзімдерді демалушылар қалауына орай өзгертуге де болады.

Жолдамаларды қызметкерлердің кәсіподақ комитетінен алуға болады (№1 оқу ғимараты).

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo