Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Сібе» демалыс базасында ШҚУ қызметкерлерінің 57 отбасы демалды

«Сібе» демалыс базасында («Сібе» оқу ғылыми-өндірістік базасы) жаз бойы С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің 57 отбасы демалды.

Биылғы ыстық жазда С. Аманжолов атындағы ШҚУ оқытушылары мен қызметкерлерінің 36 отбасы «Сібе» университеттік демалыс базасында отбасылық демалыс жолдамалары бойынша демалды, ал 21 отбасы демалыс күнгі жолдама қызметін пайдаланды.

ЖОО ардагерлері, Гуляевтар отбасы атап өткендей, Сібедегі демалыс оларға айырықша ұнайды, мұнда оларды табиғаттың өзіндік ерекшелігі, сұлулығы мен тазалығы, тыныштық және базаның қауіпсіздігі қызықтырады.

Университет оқытушылары мен қызметкерлері кәсіподақ комитетінің мәліметінше, биыл базада жаңа монша, құмсалғышы бар балалар алаңы, кейбір үйлерде жаңа кереуеттер, матрастар және т.б. пайда болған.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo