Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

«Сибины» демалыс базасы 29 маусымнан бастап жұмыс істейді

Жазғы демалыс кезінде «Сибины» демалыс базасына барғысы келгендер көп. Бүгінгі күні 29 өтініш келіп түскен. 

«Сибины» демалыс базасы 29-шы маусымнан бастап жұмыс істейді. Жалпы, биылғы жазға дейін, мұнда көбіне денсаулығына байланысты алыс жолға шыға алмайтын еңбек ардагерлері, қымбат демалыс орталықтарына баруға қаражаты жеткіліксіз қызметкерлер демалатын. Ал, биыл ұжымның көптеген мүшелері Сібе көлдеріне баруға ниет білдірді. 

Профком берген ақпарат бойынша, бланк үлгілері ЖОО баспасында басылып шығады, ал, жолдамалар құнын төлеу «Центр Кредит», «Халық банк» және «Сбербанк» арқылы жүргізіледі.

Сібе көлдеріне демалысқа аттанушылар қауіпсіздік техникасынан өтеді. Демалушылардың қауіпсізді үшін, құтқарушылар кезекшілік жасайды. 

Университеттің шаруашылық департаменті барлық қажетті жөндеу жұмыстарын жүргізді, монша құрылысын қосқанда, панельді үйлер төрт қабатты керуеттермен жабдықталған, бұл 4 адамнан тұратын отбасыға үйлерде жайлы тұруға мүмкіндік береді, жаңа төсек жабдықтары сатып алынды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo