Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Әскери кафедрада білім алушылар санын 350 адамға дейін арттыру жоспарланып отыр

Ағымдағы жылы С.Аманжолов атындағы ШҚУ-да №2 оқу корпусында орналасқан Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра кеңейтілді.  

Осылайша, барлық пәндер бойынша оқу сабақтарын сапалы өткізуге мүмкіндік беретін аудиториялар саны артты.

Бұдан басқа, екінші оқу корпусының аумағында саптық даярлық бойынша практикалық сабақтар өткізуге арналған саптық плац және жалпы әскери пәндер бойынша сабақтарға арналған тактикалық алаң жабдықталған.

Бұдан басқа, атыс тирін интерактивті тирге қайта жабдықтау жоспарлануда, ал жөнделген кабинеттерге интерактивті жабдық пен компьютерлік техника жеткізіледі.

Сонымен қатар, әскери техниканы (БМП-2 және КАМАЗ-4310) және әскери-техникалық мүлікті сатып алуға өтінімдер берілді.

Әскери кафедраның даму жоспарында мотоатқыштар взводының командирі, запастағы сержант сынды жаңа мамандықтар аша отырып, әскери кафедрада оқитындар санын 350-ге дейін арттыру, оқу тренажерларының жаңа түрлерін сатып алу, әдеби қорды ұлғайту көзделген.   

Ал кафедра оқытушылары әскери мамандарды даярлауда инновациялық формалар мен әдістерді қолдануды жоспарлап отыр.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo