Жоғары оқу орындарының қашықтықтан оқыту формасына көшуіне және студенттердің әскери кафедраға түсу үшін өңірлер бойынша жол жүруіне байланысты Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары – ҚР ҚК Бас штабының бастығы оқуға түсудің жаңа мерзімдері туралы шешім қабылдады.
Студенттерді медициналық куәландырудан өткізуді ағымдағы жылғы 25 қыркүйекке дейінгі мерзімде олардың орналасқан немесе тұратын жері бойынша (студенттің әскери есепке алынған жеріне және студенттерді оқуға қабылдайтын ЖОО-лардың орналасуына қарамастан) облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының медициналық комиссиялары жүзеге асыруы қажет.
Студентті сәйкестендіру кезде жеке куәлік пен студенттік билет (ID карта) жарамды болып саналады.
1. Студенттерді кәсіби-психологиялық тестілеу қашықтықтан өткізілетін болады.
2. Іріктеу комиссиясының жұмысы GPA нәтижелері бойынша жасалған рейтингтік балл, облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың, қаланың және ауданның жергілікті атқарушы органының медициналық комиссияларының қорытындылары және дене шынықтыру пәні бойынша бірінші курс бағалары негізінде студенттердің қатысуынсыз өткізілетін болады.
3. Дайындық және іріктеу іс-шараларының мерзімі анықталды: құжаттарды жинау және қабылдау – ағымдағы жылдың 30 қыркүйегіне дейін, конкурстық іріктеу – ағымдағы жылдың 1-10 қазаны аралығында.
Толтырылған өтініштер мен PDF форматындағы медициналық карталарды а.ж. 30 қыркүйегіне дейінгі мерзімде әскери кафедраның электрондық мекенжайына жолдау керек.
Электрондық мекенжайы: vk.vkgu@mail.ru
Анықтама телефондары: 8 (7232) 751311.
Әскери кафедра бастығы Керенцев Александр Николаевич, тел. 87052964556, әскери кафедра бастығының орынбасары Кемелбаев Қанат Мұхаметуәлиұлы, тел. 87715462904, маман Базыл Нұргүл, тел. 87779667029.
Қабанбай батыр атындағы әскери кафедра