ШҚО СӨС орталығының мамандары Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті студенттері арасында ZOOM платформасы арқылы «Короновирустың (COVID-19) алдын алу. Денсаулыққа 10 қадам» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шара мақсаты – студенттерді инфекциялық аурулардың, мысалы, коронавирустық инфекцияның, ЖРВИ мен тұмаудың алдын алу шаралары туралы, алғашқы белгілері туралы, олардың қаупі және инфекцияның ауыр зардаптары туралы ақпараттандыру.
Кездесу барысында короновирус туралы 19 факті мен салауатты өмір салтын ұстанудың 10 қадамы айтылды.
Тыңдаушылардан көптеген сұрақтар түсті, себебі өте өзекті мәселер қарастырылды. Барлық қатысушыларға сауатты жауаптар, аурулардан қорғану шаралары бойынша ұсыныстар берілді.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультет