Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

СШҚУ студенттері мектепалды және бастауыш білім беру бойынша IV бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты

С.Аманжолов атындағы ШҚУ студенттері «Мектепалды және бастауыш білім берудің сабақтастығы: баланың көркемдік-эстетикалық және эмоционалдық дамуы» атты өзге елдердің өкілдері де атсалысқан IV бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға (Томск қ.) қатысты.

11 желтоқсанда доцент Н.И. Бенештің бастамасымен «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» білім беру бағдарламасының 2 және 3 курс студенттері Томск мемлекеттік педагогикалық университетінің Балалық шақ институтында «Мектепалды және бастауыш білім берудің сабақтастығы: баланың көркемдік-эстетикалық және эмоционалды дамуы» IV бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияға қатысты.

Конференцияның пленарлық отырысында Педагогикалық білім беру және менеджмент кафедрасының доценті Наталья Ивановна Бенеш «Халық ауыз әдебиеті туындыларын пайдалану негізінде мектеп жасына дейінгі балалардың эмоционалды-бағалау лексикасын қалыптастыру мәселесі» тақырыбында баяндама жасады.

«Ойын және шығармашылық баланың эмоционалды және эстетикалық дамуының кеңістігі ретінде» секциясының жұмысында «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу» мамандығының 4 курс студенті Александра Трегуб (ғылыми жетекшісі – Н.И. Бенеш) «Сюжеттілік – рөлдік ойын және оның мазмұнының ерекшеліктері» тақырыбында баяндама жасады.

Студент сөзі қатысушылар тарапынан қызығушылық тудырды. Секция жетекшісі Г.Х. Вахитова оның терең дайындығын атап өтті.

– Басқа жоғары оқу орындарының оқытушылары мен студенттерінің жұмыс тәжірибесімен танысу қызықты болды, сонымен бірге өзімнің әдістемелік ой-өрісімді және ғылыми-практикалық конференцияда сөз сөйлеу тәжірибемді байыттым, – деді өз ойымен бөліскен Александра.

Студенттер болашақта да осындай іс-шараларға қатысуға ниет білдірді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo