- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың қылмыстық құқық және қылмыстық процесс кафедрасының меңгерушісі К.Х. Рахымбердин академиялық ұтқырлық шеңберінде, Стамбул университетінің (Түркия) заң факультетінде "Қазақстандағы қылмыстық саясатты гуманизациялау" тақырыбында авторлық курс оқыды.
Стамбұл университеті заң факультетінің сан ғасырлық тарихында заң ғылымдарының докторы Рахимбердин Қ.Қ. берілген оқу орнының магистранттарымен профессорларына, студенттеріне Қазақстаннан келіп дәріс оқыған алғаш ғалым-заңгер болып табылады.
Рахимбердин Қуат Қажымұқанұлы Стамбұл университетінің кітапханасына Қазақстан республикасының қылмыстық құқық бойынша көздерін және өзінің монографиясын тапсырды.
Рахимбердин Қ.Қ. түрік ғалым-заңгерлерін Қазақстанның құқықтық жүйесіне қызығушылық танытатынын белгіледі, әсіресе президенттік басқару нысанының конституциялық моделі. Бұл қызығушылықтың танытылған себебі, заманауи Түркияның мемлекеттік құрылысында парламенттік республикадан президенттік басқару формасын таңдағанымен байланысты.
Заң ғылымдарының докторы Рахимбердин Қ.Қ. Стамбұл университетінің ұйымдастырылған түрлі ғылыми іс-шараларында қадірлі қонақ ретінде қатысты. Осылайша, атап айтқанда, Қуат Қажымұқанұлы студенттер мен магистранттардың ғылымға және зерттеу жұмыстарына қызығушылық тудыртатын заң факультетінің түрлі ғылыми үйірмелерімен танысты.
2 мамырда заң факультетінің әкімшілігі Prof. Dr. Adem SÖZÜER деканның атынан Қуат Қажымұқанұлы Рахимбердинді Стамбұл университетінің профессорлар Үйіне салтанатты асқа шақырып, монографиялар, мемлекеттің және басқарудың өзекті мәселелері бойынша кітаптар табысталды.
ШҚМУ ғалымының сапар қорытындысы бойынша, С. Аманжов атындағы ШҚМУ және Стамбұл университетінің заң факультеті арасында ынтымақтастық жөнінде келісімге қол қойылды.
Стамбұл университеті- Түркияның және Стамбұлдың жетекші оқу орындарының бірі, елдің ең көне университеттерінің бірі болып табылады. Стамбұл университеті әлемнің ТОП-500 жоғарғы оқу орындарына кіреді.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі,
қылмыстық құқық және қылмыстық үрдіс кафедрасы