Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

STAR-NET ядролық білім саласында бәсекеге қабілетті мамандарды дайындауға қолдау көрсетуде

19-23 сәуір аралығында Беларусь Республикасының Минск қаласында,  Беларусь Ұлттық Техникалық Университетінің (БҰТУ) негізінде «STAR-NET  ядролық технология саласында мамандарды дайындау және білім беру» атты Аймақтық желі отырысына, физика және технология кафедрасының меңгерушісі Бектасова Гульсым Сафуановна қатысты.

-STAR-NET Аймақтық желі жұмысының отырысына қатысу, ядролық физика саласындағы мамандардың қажеттілігімен анықталады,  сонымен қатар, ядролық өндірістің дамуына қатысушы елдер біздің университетке және – Ядролық физика мамандығының студенттеріне үлкен мүмкіндіктер ашады, - деп санайды Гульсым Сафуановна  Бектасова.

Ассоциация директорының міндетін атқарушы Косилов А.Н.  STAR-NET және АЭХА (атомдық энергетиканың халықаралық агенттігі) арасындағы Ынтымақтастық жөнінідегі келесім-шартты іске асыру жоспары жайында ақпарат берді. Ядролық технология және ядролық энергетика саласында мамандарды дайындау және білім беру үшін  STAR-NET қатысушыларымен –елдер арасында алмасу үшін оқу, оқу – әдістемелік материалдар, жұмыс оқу жоспарларын талқылау жүргізілді.

Екі күн бойы қатысушылар «Атомтех» заводының жабдықтарымен танысты, Минск қ., Беларусь Республикасы, БҰТУ-дың 8 кафедрадан тұратын Энергетикалық факультетін аралады.

Барлық іс –шаралар ұсынылған STAR-NET бағдарламасына сәйкес ұйымдастырылды. Ядролық білім беру саласындағы сұрақтар STAR-NET желі ішіндегі ынтымақтастықтың мүмкіндіктер спектрі:

жазғы мектептерге қатысу  (НИЯЦ МИФИ); студенттер үшін олимпиада, конференция; тренажерларда оқыту, (НИЯЦ, МИФИ); online режимінде дәріс өткізу, қашықтықтан; тәжірибеден өту; академиялық ұтқырлық; STAR-NET білім беру порталын қолдану.

Болашақта С. Аманжолов атындағы ШҚМУ STAR-NET жыл сайынғы іс –шараларында қатысуын жалғастырады: NET бас ассамблеясы, "Ядролық технология саласында мамандарды дайындау және білім беру" Аймақтық желісінің отырысы. Ынтымақтастық ядролық білім саласында бәсекеге қабілетті мамандарды даярлау бағдарламасын іске асыруға мүмкіндік береді.

Физика және технология кафедрасы,

халықаралық ынтымақтастық бөлімі

Қазақ

Tags:

× You found a Typo