Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі жаңа проректор таныстырылды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректор Ғалымбек Әділбекұлы Сералинді таныстырды.

Сералин Ғалымбек Әділбекұлы 1980 жылдың 30 шілдесінде Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында дүниеге келген. 1997 жылы дарынды балаларға арналған Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернатты бітіреді. 1997 жылдан 2001 жылға дейін әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде (ҚазҰУ) оқиды.

2001 жылы ҚазҰУ механика-математикалық факультетінің бакалавриатын «қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітіреді. 2003 жылы ҚазҰУ механика-математикалық факультетінің магистратурасын «қолданбалы математика» мамандығы бойынша бітіреді.

2003 жылдан 2005 жылға дейін ҚазҰУ-да информатика кафедрасында оқытушы болып еңбек етті.

2005 жылдан 2008 жылға дейін ҚазҰУ Ph.D докторантурасында оқыды. 2008 жылдың маусымында «Жеке туындылардағы теңеу жүйелері шешімдері алгоритмдерін параллельдеу» тақырыбы бойынша диссертацияны сәтті қорғап, математика саласындағы Ph.D дәрежесіне ие болды.

2008 жылдан 2009 жылға дейін ҚазҰУ-да информатика кафедрасының аға оқытушысы болып еңбек етті, 2009 жылдан 2012 жылға дейін – ҚазҰУ механика-математикалық факультеті деканының оқу-әдістемелік және тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары, 2012 жылдан 2013 жылға дейін – ҚазҰУ қашықтықтан білім беру директоры, 2012 жылдан 2018 жылға дейін – ҚазҰУ механика-математикалық факультеті математикалық және компьютерлік модельдеу кафедрасының доценті, 2014 жылдан 2017 жылға дейін – әл-Фараби атындағы ҚазҰУ оқу үрдісін сүйемелдеу және жоспарлау басқармасының басшысы.

2017 жылдан 2018 жылға дейін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру департаменті директорының орынбасары болып еңбек етті.

2018 жылдың 16 сәуірінен ҚР білім және ғылым министрінің бұйрығымен Ғалымбек Әділбекұлы Сералин С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің стратегиялық даму және ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры болып тағайындалды.

«Алгоритмдер және деректер құрылымы» (Алматы, 2014) оқу құралының, 10-нан астам ғылыми мақала мен тезистің авторы болып табылады, оның ішінде екі мақала алыс шетел басылымдарында жарияланған (Португалия және Британия).

2016 жылы «Назарбаев университет» АБҰ және Твенте университеті (Нидерланд) базасында Қазақстан Республикасы жоғары білім басшыларының біліктілігін арттыру курстарынан өтті.

Баспасөз қызметі

 

Қазақ
× You found a Typo