«Студенттік көктем-2018» жыл сайынғы факультеттер арасындағы көркемөнерпаздар байқау-конкурсының екінші күнінде ЭжҚФ және ЖҒжТФ өнер көрсетті.
«Ел жүрегі – Астана» тақырыбындағы «Студенттік көктем-2018» байқауы Қазақстан Республикасы елордасының – Астана қаласының 20 жылдығына арналған.
Бүгін, 24 сәуірде, Экономика және құқық факультеті, сондай-ақ Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті өнер көрсетті.
25 сәуірде «Студенттік көктем-2018» байқауы гала-концертпен аяқталады. Басталуы – 18-00-де. Келіңіздер, өкінбейсіздер!
Баспасөз қызметі