Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер ақпарат және коммуникациялар министрімен кездесті

С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «ALTAI JASTARY» студенттер телерадио кешеніне ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев келді. Кездесуге журналистика мамандығының оқытушылары мен студенттері қатысты.

Шараға Елбасы Жолдауы арқау болғанын айта кеткен орынды. Осы орайда болашақ журналистер Дәурен Әскербекұлымен сұхбат өткізіп, сауалдарын қойды. Өз кезегінде министр құнды пікірлерімен бөлісті, Елбасының келер жылды «Жастар жылы» деп бекіткенін қолдап, ойын ортаға салды.

– Жастарға деген қолдауымыз қашанда ерекше. Қазіргі жаһандану заманында жастардың идеясына назар аударуымыз керек. Олардың таңдаған мамандығы, бағыты – ел дамуына деген елеулі үлес, – деді ол.

Жиынға ШҚМУ ректоры Мұхтар Төлеген қатысты. Уақыт аз болса да, болашақ журналистер Дәурен Әскербекұлының ой-пікірін тыңдап үлгерді. Кездесу соңында мейман тілек альбомына қолтаңба қалдырып, лебізін білдірді.

Жақсылық Қарақат,

журналистика мамандығының 3-курс студенті

Қазақ
× You found a Typo