Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер Алашұлы тобымен сұхбаттасты

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінде танымал «Алашұлы» тобымен кездесу өтті.

Шараны ашқан университеттің тәрбие жұмысы жөніндегі проректоры Амангелді Ғабдылкәрімұлы кездесудің еркін форматта, емен-жарқын әңгіме түрінде өтетінін айтты.

– Сұрақтарыңызды батыл ортағы салып, өнерде жүрген замандастарыңызбен пікір алмасыңыздар, – деді Амангелді Ғабдылкәрімұлы.

Алашұлы тобы да жастардың пікірі өздері үшін құнды екенін білдірді.

Жастар ұлттық құндылықтарымызды ұлықтап жүрген бұл топты шет елдерде қалай қарсы алатынын білуге құмартты.

– Шет елдер қазақтың әндері мен күйлерін ерекше ықыласпен тыңдайды. Өзіміз барған Түркия, Корея елдері бізді құшақ жайып қарсы алды. Әр халық өз табиғи қалпынан безінбеуі керек. Оны сақтап, заман талабына ыңғайланып, өрістете білуі ләзім. Шет елде жүргенде осыған көзіміз жетті, – деді топ мүшесі Мақсат Рахмет.

Жастар топ құрамына жаңадан қосылған жерлесіміз, үржарлық Ерзатты да сұрақтың астына алды.

Зайсан, Күршім аудандарын аралап, тамаша табиғаттан ерекше шабыт алып келген әншілер кездесуді «Оу, менің далам-ай, әлдилеген анамдай» деп әдемі әндерімен түйіндеді.

Айта кетейік, «Алашұлы» тобы Шығыс Қазақстанға қайырымдылық кешін өткізу үшін келді. Концерттерінен түскен қаражатты түгел науқас баланың еміне аудармақ.

Тасқын Болатұлы

Қазақ
× You found a Typo