Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер арасында «Полиглот» байқауы өтті

21 қыркүйек күні Қазақстан халықтары тілдерінің күніне арналған факультетаралық «Полиглот» байқауы өткізілді. Байқаудың мақсаты ағылшын, орыс, қазақ тілдерін еркін меңгерген студенттерді анықтаумен қатар, университет студенттерінің шет тілдерін үйренуге деген қызығушылығын арттыру болатын.

Байқауға жаратылыстану ғылымдары және технологиялар, тарих, филология және халықаралық қатынастар, экономика және құқық факультеттерінің, сондай-ақ Жоғары колледждің студенттері қатысты. Факультеттер арасындағы командалық сайыс алты кезең бойынша өткізілді. Алдымен командалар өздерін таныстырып, сәлемдесу рәсімін жасады. Келесі кезеңде олар жалпы ой-өрістерін тексеруге арналған викториналық сұрақтарға жауап берді. Байқаудың үшінші кезеңінде командалар слайдта көрсетілген көрнекі орындардың қай елде орналасқанын тауып қана қоймай, олар жайлы үш тілде қысқаша әңгімелеп беруі тиіс болды. Келесі «ең әдемі сөз» сайысында команда мүшелері  қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі «ең әдемі сөзді» атап, өз тандауларын сол тілдерде дәлелдеп айтуы қажет болды. Ал соңғы сайыста әр командаға жеребе арқылы таңдап алған елдің әуеніне билеп беру тапсырылды. Көрермендермен өткізілген сайыс – «Мен сені сүйемін» тіркесін кезек-кезек өздері білетін әлем халықтарының тілдерінде атау – өте қызықты өтті. Бұл сайыста жеңімпаз болып Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндері кафедрасының оқытушысы Майра Шүршітбай танылды.

Құрамына қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасының оқытушысы Бибігүл Қырықпаева және «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының жетекшісі Мария Қалелова кірген қазылар алқасының шешімі бойынша командалық есепте тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің командасы жеңімпаз деп танылып, екінші орынды Жоғары колледж студенттері қанжығаларына байлады. Үшінші орынды жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің командасы  иеленді.

Кеш соңында «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығының жетекшісі Мария Жәлімханқызы байқауға қатысушыларға алғысын білдіріп, жеңімпаздарға алғыс хаттар, дипломдар мен сыйлықтар тапсырды.

 «Тіл әлемі» көптілді білім беру орталығы

Қазақ
× You found a Typo