Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).
  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер дуалды даярлықты қолдайды

21 сәуір күні әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімінің бастамасы бойынша «Білім берудің дуалды жүйесі: С.Аманжолов атындағы ШҚМУ дамыту және жүзеге асыру, енгізу болашағы» атты семинар-кеңесі өтті.

Семинар жұмысына ШҚО кәсіпкерлер Палатасы, ШҚО Білім беру Басқармасы, Оқу-өндірістік комбинаты, облыстық Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты, ОЗ «Экобиоцентр», «Шығыс машина жасау зауыты» ЖШС, ШҚО бойынша «Казгидромет» РМКФ, сонымен бірге университеттің студент - түлектерінен өкілдер қатысты. 

Оқу-әдістемелік жұмыс бойынша проректор, б.ғ.д. А.Б.Мырзағалиева университетте дуалды оқу жүйесі элементтерін енгізу бойынша қазіргі ахуалдың жағдайы мен іс-әрекет ету бағытын айтып өтті. Жекеленген кафедраларда студенттерге оқу сабақтарын жүргізу үшін кәсіпорын жетекші мамандарды тарту тәжірибесі қалыптасып, және соның негізінде 2016-2017 оқу жылында университеттің 14 мамандығында дуалды оқыту жүйесін енгізу көзделіп отырғанын атап көрсетті.

Дуалды білім беру жүйесін дамытуда біздің университте педагогикалық мамандықтар жағына қарай маңызды қадам жасалды, өйткені мұғалімдерді даярлау сапасы ШҚО Білім беру Басқармасы өкілдері мақұлдағанындай, айтарлықтай өзекті сұрақ болып қалады. Өз сөзінде мектепке дейінгі және жалпы орта білім беру бөлімінің жетекшісі С.А.Жумадилова семинар-кеңеске қатысушы өкілдер назарын вакансия (бос орын) санының көптігіне және қала, облыс мектептеріндегі педагогикалық кадрлар тапшылығына ерекше көңіл бөлді. Бұл орайда ШҚО мекемелерінің болашақ мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін қалыптастыруда ролінің зор екендігін көрсетті.

ШҚО кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің                сарапшысы В.П. Бартужис техникалық және кәсіби  білім беру (ТжКБ) мекемелерінде дуалдық оқытуды енгізу тәжірибесі туралы  сөз қозғады. Вера Павловна өз сөзінде: дуалды оқыту жүйесін жоғары білімге  енгізуде ШҚО кәсіпкерлер палатасы да мүмкіндігінше атсалысатынын атап өтті.

ШҚ облыстық Жамбыл атындағы мектеп-гимназия-интернаты, Өскемен қалалық оқу-өндірістік комбинаты, «Экобиоорталық», Шығыс машина жасау зауыты» ЖШС, «Казгидромет» Республикалық Мемлекеттік Кәсіпорыны ШҚО бойынша филиалының негізінде құрылған филиалдарының  жұмыс тәжірибелерінің оңды  жағын олардың жетекшілері мен университет кафедралары меңгерушілері ерекше атап өтты. 

КМиИТ кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к  Ж.З. Жантасова мен химия кафедрасының доценті, х.ғ.к. Г.Е. Абылкасованың пікірлерінше: дуалды оқыту принциптерін үрдіс пен іс-әрекет арқылы жүзеге асыруды көздейді. «Материалтану және жаңа материалдар технологиясы», «Биология», «Экология» мамандықтары студенттеріне  дуалды оқыту жүйесін енгізуді көздейтіндерін физика және технология кафедрасының меңгерушісі, ф.ғ.к. – Бектасова Г.С., б.ғ.к. Кітапбаева А.А., экология және география кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.к. –Бейсембаева С.К. пікірлерінен анық көруге болады.  Білім беру үрдісіне дуалды білім беру элементтерін ендіруден күтілетін нәтижелер жайында дене және спорт мәдениеті теориясы мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісінің міндетін атқарушы М.С. Гончарова мәлімдеді.

«Дефектология» мамандығының студенті А.Олькова мен  «Журналистика» мамандығының студенті Т. Мухамадиевтің мәлімдемелері семинар – кеңестің қатысушыларының қызығушылығын арттыра түсті.  Студенттер ЖОО мен кәсіпорында бірдей білім алып жүру тәжірибесінін  тиімділігін көріп отырғандығын айтып өтті. 

Сонымен қатар, семинар қатысушылары жақын арада шешімін табуды талап ететін бірқатар сұрақтарды талқылады. Олар: серіктес кәсіпорынның мамандарының төлемақысы, көп мамандықтар бойынша әлі де кәсіби стандарттардың жоқтығы, студенттердің құзіреттілігін анықтауға арналған тәуелсіз сертификаттау және т.с.с. 

Семинардың қатысушылары университеттегі дуалды білім беруді тиімді жүзеге асыруға арналған жағдайларды жасау бойынша бірқатар ұсыныстарды құрды.

Әдістемелік жұмыс, іс-тәжірибе және жұмысқа орналастыру бөлімі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қазақ
× You found a Typo