- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
22 қыркүйек күні экономика және құқық факультетінде жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы байқауына конкурс жүргізілді.
Байқауға қатысушылар жастар ісі жөніндегі комитеттің 2017 жылға арналған дамыту жоспарын және презентацияларын көрсеті. Презентация «Экономика және құқық факультетінің төрағасы неге мен болуым керек»? тақырыбында болды.
Әділ-қазылар алқасында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ ЖІК төрағасы Батырбай Ә., тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі бөлім маманы Аманжолова Н.А., «Қаржы және есеп» кафедрасының аға кураторы Жапарова А. М, Эж/еҚФ ЖІК мүшелері және факультеттің тәрбие жұмысы жөніндегі декан орынбасары Асубаева А. С. болды.
Жасырын дауыс беру қорытынысы бойынша көпшілік дауыспен «Жергілікті және мемлекеттік басқару» мамандығының 2 курс студенті Қоржумбаев Сұлтан ЖІК төрағасы болып сайланды.
Жеңісің құтты болсын!
Экономика және құқық факультетінің
жастар ісі жөніндегі комитеті