Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер Елбасы Жолдауына қолдау білдірді

Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор Амангелді Ғабдылкәрімұлы Студенттер үйлерінде тұратын студенттермен кездесіп, Президент Жолдауы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, университеттің және студенттер үйлерінің ішкі ережелерімен таныстырды.

Кездесу еркін форматта өтті. Іс-шара аясында жастар еліміздің болашағы, елімізді дамыту жастардың қолында екендігін айта кетті. Сол үшін жастар салауатты өмір салтын ұстанып, спортпен шұғылдану керектігін, жаңа бастамалар мен жобаларға университет әрдайым қолдау көрсететінін  жеткізді. 

Студенттер тәрбие жұмысына, оқуға, Студенттер үйіне байланысты сұрақтарына жауап алып, университет басшылығына ризалықтарын білдірді.

№5 студенттер үйінің студенттері Шәмші Қалдаяқовтың «Арыстың жағасында» әнін, «Дайдидау» халық әнін айтып берді. Тәрбие жұмысы жөніндегі проректор да өзінің студенттік шақтағы әндерінің бірін орындап берді.

«Математика» мамандығының 2 курс студенті Мұса Сағадат барлық студенттер атынан рефермалар мен өзгерістердің маңызды екенін айтып, Елбасы ұсынған 2019 жылды «Жастар жылы» деп атауды қолдайтындықтарын жеткізді.

Бақдәулет Анас,

тәрбие жұмысы және әлеуметтік

 мәселелер жөніндегі бөлім маманы

Қазақ
× You found a Typo