Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер Ғалым Шойкинмен кездесті

«Серпін» бағдарламасы аясында университетімізде білім алып жатқан 1 курс студенттері Қазақстан Республикасы Президенті əкімшілігі ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Ғалым Шойкинмен кездесті. Жиында теріс ағымның зияны, дəстүрлі дінімізді дұрыс ұстана білу туралы айтылды.

Кездесу алдымен Ғалым Нұрмағамбетұлының Қазақстандағы қазіргі діни ахуал, конфессиялар мен ұйымдар туралы кіші-гірім дәрісімен басталады. Сонымен қатар, еліміздің ішкі жəне сыртқы саясатты, ұлтаралық және конфессияаралық қарым-қатынастарды реттеу іс-əрекеті жайлы айтылды. Бүгінгі таңда елімізде 18 конфессия, 3600-ге жуық діни ұйым бар екенін алға тартты. 

Ары қарай студенттер тарапынан сұрақтар қойылды. Олар діннің ерекшеліктері мен айырмашылықтары туралы мəліметтер алды. Жаңадан енгізілгелі жатқан діни заңнамалар жайлы мəлімет берген мейман жат ағымның жетегінде кетуге заңмен шектеу қойылатыны жайлы да ескертті.

Кездесу соңында студенттер Ғалым Нұрмағамбетұлына алғыс айтып, естелік суретке түсті.

Анас Бақдəулет,

физика мамандығы бойынша 4 курс студенті

Қазақ
× You found a Typo