«Экология» және «география» мамандықтарының 1 курс студенттеріне арналған «Студенттер қатарына қабылдау-2018» мерекелік кеші өтті.
С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «экология» және «география» мамандықтарында «Студенттер қатарына қабылдау» мерекелік іс-шарасы салтанатты түрде аталып өтілді. 1 курс студенттеріне арналған концерт ұйымдастырды.
1 курс студенттеріне арнап жоғары курс студенттері университет ректорын, факультет деканын және кафедра оқытушыларын таныстырды. Кеш кезінде 1 курс студенттеріне арнап ән айтылып, әзілдер қойылып, қызықты ойындар ойнатылды. Факультет деканының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Санат Құмарбекұлы құттықтау сөз сөйлеп, әр студентке студенттік билет табыстады.
Іс-шара бірінші курс студенттеріне өздерін көрсетуге, жаңа достар табуға, курстастарымен жақынырақ танысуға мүмкіндік берді.
«Экология» және «география» мамандығының 2-3 курс студенттері