Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер қатарына қабылдау рәсімі өтті

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Педагогика және психология» мамандығының 2-3 курс студенттерінің ұйымдастыруымен жыл сайын өтетін бірінші курс студенттерін қабылдау рәсімі болып өтті.

Іс-шараны өткізуге ұйытқы болған Педагогика және психология мамандығының кураторы – А. Төлеуханова және осы мамандықтың 2-3 курс студенттері.

Шараның  мақсаты – 1 курс студенттерінің жоғары оқу орнына деген сүйіспеншілігін оятып, өз мамандығын және университетін мақтан тұтқызу, өздерінің осы оқу орнының студенті екенін сездірту болатын.

Кешке кафедра оқытушылыры мен басқа мамандық студенттері қонақ ретінде қатысты. Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті А. Дүйсенбаева стуенттерге ізгі тілектерін айтып, ұйымдастырушылырға алғыс білдірді. Соңы ән-күйге ұласып, бірнеше ойын ойнатылып, қызыққа толы кеш болды.

Бағдарлама соңында студенттер ант қабылдады. 1 курс студенттерінің барлығы ШҚМУ-ға түскендеріне, белсенді жастармен бірге студенттік өмір кешетіндеріне қуанышты деп ойлаймыз.

 Педагогикалық білім және менеджмент кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo