Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер қатарына қабылдау іс-шарасы өтті

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті бірінші курс студенттерін салтанатты түрде студенттер қатарына қабылдау іс-шарасын өткізді. 

Биыл 1 курсқа түскен студенттер санының бітірушілер санынан екі есе көп болғаны қуантады.

Факультет деканы Досым Ерболатұлы бірінші курстарды құттықтап сөз сөйледі.

Студенттің ар-намыс кодексін ұстануға, университет дәстүрлерін құрметтеуге және «студент» атағына лайық болуға ант еткен бірінші курс студенті Мөлдір Сейдахметоваға студенттік билет пен «білім кілті» табысталды.

Бірінші курстарға арнап факультет белсенділері концерт ұйымдастырды. Ұлттық билер заманауи билермен алмасып, керемет көрсетілімдер ұсынылды. Ақпараттық жүйелер мамандығының 4 курс студенті Мақсат Әбдінің әнін залда отырғандар ерекше қабылдап, қосылып шырқады.

Мұрат Шағаланов өз монологында студенттерді бір-біріне мейірімді болуға шақырды. КТК командасы өнерлерімен залдың көңіл-күйін көтерді.

Концерт естелік фотоға түсумен аяқталды.

Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті

Қазақ
× You found a Typo