Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер қатарына қабылдау Жоғары колледждің бірінші курс студенттері үшін онлайн-режимде өтті

С.Аманжолов атындағы ШҚУ Жоғары колледжі «Есеп және аудит» мамандығының бітіруші студенттері «Студенттер қатарына қабылдау» іс-шарасын өткізді.

Бұл мереке біздің оқу орнымыздың жарқын дәстүрлерінің біріне айналған. Студенттер қатарына қабылдау – бұл әрбір бірінші курс студентінің өміріндегі маңызды және қызықты сәт.

Бірінші курс студенттері қызықты сұрақтарға жауап беріп, колледждің дәстүрлерімен танысты, өздерінің оқу орындарына адалдық антын берді және үлкен және тату отбасының – студенттік бауырластықтың толыққұқылы мүшелері атанды.

Жоғары курс студенттері өз шеберліктерін өлең түрінде көрсетіп, кіші жолдастарына ақжол тіледі.

Өткізілген іс-шараның мақсаты – білім алушылардың өз оқу орындарына деген мақтаныш сезімін ояту, бірінші курс студенттерін колледж дәстүрлеріне баулу, оларды шығармашылық өмірге тарту, жоғары топ студенттерінің үлгісінде бірінші курс студенттерін серіктестікке және өзара көмекке тәрбиелеу.

Жоғары колледж

Қазақ
× You found a Typo