- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Қыркүйектің 16-сы күні «Педагогика және психология» мамандығының кураторы, «Педагогикалық білім және менеджмент» кафедрасының аға оқытушысы А.Д.Толеуханованың ұйымдастыруымен 2 курс студенттері осы мамандықтың 1 курс студенттеріне арнап «студенттер қатарына қабылау» кешін өткізді.
Студенттер қатарына қабылданушылар «Серпін» бағдарламасымен келген балалар болғандықтан, оларды Өскемен қаласының көрікті жерлерімен таныстырсақ деген мақсатпен жоспарланған болатын.
Студенттер қатарына қабылдау бір-бірімізбен танысудан, этнопарктегі серуеннен басталды. Этно ауылдағы қазақ, орыс, украин, ұйғыр, кәріс, татар, белорус, шешен секілді ондаған ұлттың ескі қонысжайларымен таныса алдық. Таза ауада серуендеп, саябақтың көрікті жерлерінде суретке түсіп, ойындар ойнап, осы күннің көптеген естен кетпес сәттерін бастан өткіздік.
Студенттік өмірдің алғашқы аптасындағы жақсы бастама осылайша өтті. Дәстүрлі түрде жыл сайын өткізілетін бұл үрдіс студент қатарына қабылданған 1 курс студенттерінің естен кетпес күні болғанына сенімдіміз.
Бұл бастама ары қарай жалғасын табады деген оймен эстафетаны 1 курс студенттеріне табыстадық.
Психология және коррекциялық педагогика кафедрасы