С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың «Алтайтану» орталығында ғылыми қызметкерлер мен «Тарих» мамандығының студенттері Линнань университетінің (Гонконг) докторанты Алексей Маликовпен кездесті.
9 ақпан күні «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының қызметкерлері және «Тарих» мамандығының студенттері Линнань университетінің «Тарих» мамандығының 1 курс докторанты Алексей Маликовпен кездесуі өткізді.
Шетелдік қонақ үшін университетпен таныстыру экскурсиясы өткізілді. «Алтайтану» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор А. Алексеенко жетекшілігімен демографиялық зерттеулердегі тарихи әдістерді енгізу мәселелері, Қазақстандағы демографиялық ахуал туралы ғылыми семинар өткізілді.
А. Маликов жылы қабылдау үшін алғысын білдіріп, ғылыми ынтымақтастыққа дайын екенін білдірді.