- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
2017-2018 оқу жылында студенттер мен магистранттар Польшаға және Оңтүстік Кореяға оқуға барады
17 мамырында академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша , 2017-2018 оқу жылында Польшаның және Оңтүстік Кореяның жетекші жоғарғы оқу орындарының бірінде білім алу үшін, ағылшын тілінің іріктеу сайысынан өткен студенттер мен магистранттарға халықаралық ынтымақтастық бөлімінде жиналыс өтті.
Жиналыста жоғарғы оқу орнына және визаға қажетті құжаттарды жинау, сауалнама толтыру жөнінде ұйымдастырушылық сұрақтар талқыланды.
Соңында ХЫБ бастығы Сапарова Д.Р. студенттер мен магистранттарға ағылшын тілін меңгеру деңгейін растаушы сертификаттар табыстады.
Халықаралық ынтымақтастық бөлімі