Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер мен оқытушылар үшін АХҚО платформасындағы білім беру алаңы жұмыс істейді

Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) Құқық академиясы – 2019 жылы АХҚО құқығы бойынша білім беру заңнамалық бағдарламаларын іске асыру мақсатында құрылған АХҚО тұғырнамасындағы білім беру алаңы.

АХҚО Құқық академиясының мақсаты – студенттерді АХҚО құқығы қағидаларына оқыту арқылы АХҚО құқықтық жүйесін дамыту, халықаралық деңгейдегі заңнамалық білімді ұсыну.

2020 жылы АХҚО Құқық академиясы 17 заңгерлік білім беру бағдарламасын (AIFC Foundations Program for Future Lawyers, Academics Training Program және басқалар) іске қосуды жоспарлауда, оның ішінде заңгерлер сертификациясы халықаралық бағдарламаларына (QLTS, International Bar Review) дайындық бойынша курстар да бар.

Сондай-ақ, халықаралық компаниялармен бірлескен семинарлар өткізу, заңгерлер қауымдастығына арналған іс-шараларды және Pro Bono сессияларын ұйымдастыру бойынша жұмыстар жалғасатын болады

Корнавирустың алдын алу шараларына байланысты Құқық академиясы қашықтан оқытуға көшті. Жоспарланған іс-шаралар, курстар онлайн-режимде өтеді.

ЖОО студенттері мына сілтемемен өтіп, тіркелуі керек: http://tiny.cc/AoLregstudents.

Оқытушылар түйіндемелерін мына поштаға жібере алады: academyoflaw@aifc.kz.

Сұрақтар мен ұсыныстар болса: Алмас Жұмашев, 8 775 907 07 78, a.zhumashev@aifc.kz немесе academyoflaw@aifc.kz.

Баспасөз қызметі 

Қазақ
× You found a Typo