Белгісіз пневмонияның таралуына жол бермеу мақсатында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-да санитарлық-эпидемиологиялық және санитарлық-алдын алу іс-шараларын күшейту туралы өкім шығарылды.
Алдын алу шаралары ішінде оқу ғимараттары мен жатақханаларда өткізу, дезинфекциялық тәртіпті күшейту, медициналық қызметкерлердің студенттермен сұхбаттасуы бар.
Сондай-ақ, дәрісханаларды үзіліс кезінде желдету, жатақханаларда «Денсаулық бұрыштарын» рәсімдеу, қажет жағдайда маска кию режимін енгізу, қолды сабынмен жиі жуу ұсынылады.
Тамақтың ауыруы, мұрынның бітуі, қалтырау пайда болса дереу тұрғылықты немесе тіркелген жері бойынша емханаға барған жөн.
Баспасөз қызметі