Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер мен түлектер арасындағы айтыс өтті

Металлургтердің мәдениет сарайында С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 65 жылдық мерейтойына арналған «Біз жырлаймыз тағылымды тарихты» атты студенттер мен түлектер арасындағы айтыс өтті.

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 65 жылдығына орай, 10 қазан күні, қаладағы  Мәдениет сарайында «Біз жырлаймыз тағылымды тарихты» атты  дүбірлі айтыс болып өтті.

Айтысқа университет басшылары мен «Ертіс-Концерт» КММ демеу көрсетті. Оқу жылының басындағы бірінші жыр додасы облыс көлемінде болып, оған барлығы 10 ақын қатысты.

Сөз барымтасында бұрыннан айтысып жүрген ақындармен қоса, қатарға жаңадан қосылған талантты суырыпсалма ақындар бой көрсетті. Атап айтқанда Еркін Қуаныш, Нұржан Қайратұлы, Тілеужан Әбденов, Мұрат Тілек, Қалымбек Аян, Маратбекова Жұлдызай, Бұланбек Елдос, Жаңабай Естай бақтарын сынады. Сондай-ақ Семей қаласынан Манарбек Сатыбалды, Жасұлан Ноқаев сынды дарынды айтыскерлер келіп қатысты.

Айтыс екі айналымнан тұрды. Бірінші кезеңде барлық 5 жұп өнер көрсетті. Ал екінші кезеңге әділ-қазылардан жоғары ұпай алған шын жүйріктер өтті. Айтысқа болып қаладағы беделді журналист, қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының мұғалімі, танымал, белгілі айтыскерлер төрелік етті.

Қазылар алқасының шешімі бойынша бас жүлде – ШҚМУ-дың филология факультетін бітірген Еркін Қуанышқа бұйырды. 1-ші орынды талай облыстық айтыстардың жеңімпазы, университетіміздің түлегі Нұржан Қайратұлы алды. 2-ші жүлделі орынды Семейден келген Манарбек Сатыбалдыға табыстады. 3-ші орынға айтыс сахнасының жалғыз гүлі Жұлдызай Маратбекова тұрақтады.Сонымен қатар, бұл мерейлі тойда Сәрсен Аманжолов білім ордасында оқып жүрген талантты, дарынды, жарқырап жүрген қыз-жігіттер өз өнерлерін көрсетіп, әннен шашу шашты. Айтыс өте жоғарғы деңгейде өтті, залға толып келген халық та дән риза. Осындай ұлттық құндылықтарымызды ұлықтайтын тағылымды тойларымыз тарқамасын.

Дәл осындай іс-шара қаламызда, жоғары оқу орнында бірінші рет болып жатқан жоқ. Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің ұйымдастырылуымен осы айтыс жыл сайын өткізіліп келеді. Алда атқарылатын әлі де қыруар істер бар. Сол үшін ұжымға толағай табыс пен көптеген жетістіктер тілейміз.

Қалымбек Аян, «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 3 курс студенті,

жас айтыскер ақын, Өскемен қалалық Жастар мәслихатының депутаты

Қазақ
× You found a Typo