- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын жұртшылық арасында кеңінен насихаттау мақсатында «Рухани жаңғыру» жалпыреспубликалық жастар акциясы өтті. Акцияға С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттері де белсене қатысты.
Акция барысында жастардың болашаққа деген рухани көзқарастарын арттыра отырып, қызығушылық көзқарастарын оң бағытта бағыштауға үлкен үлес қосылды. Студенттердің өз өнерлерін көрсетуіне де жағдай жасалды. Студенттер уақыт өткен сайын көп нәрсе жаңаратынына көз жеткізді.
«Уақыт көшіннен қалдым дегенше, өмір көшіннен қалдым де». Әрқашан заман ағымынан қалмауға тиіспіз. Өйткені, жаһандану үрдісі жүріп жатқан кезеңде көп нәрседен бейхабар болу – артта қалудың белгісі. Міне, осыны аңғарған Елбасымыз 12 сәуір күні «Егемен Қазақстан» газетінде өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласын жариялады. Мақала шыға салысымен студенттер арасында оң пікір тудырды. Жаңа серпіліс пайда болды.
Ұлтым деген әрбір азамат Президенттің рухани жаңғыруын қуана қабылдады.
Жастар ісі жөніндегі комитет