Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер танымал ақынмен кездесті

20 қаңтар күні орталық қалалық кітапханада қарымды журналист, алымды ақын, алғыр аудармашы, Алтайдың ақиығы, Марқакөлдің мұзбалағы атанған танымал жерлесіміз Көпен Ерқасұлымен кездесу өтті.

Ақынның 65 жылдық мерейтойына арналған кездесуді «Ертіс толқыны» шығармашылық орталығы мен «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері ұйымдастырып өткізді.

Қатысушылар ақынға сұрақтар қойып, шығармашылығына, жеке өміріне қатысты мағлұматтармен қанықты.

Студенттер К.Ерқасұлының өлеңдерінен үзінділер оқыды. Оқырмандар кеш қонағымен бірге естелік суретке түсті.

Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo