20.09.2017
Студенттер үшін мерекелік кеш ұйымдастырылды
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде «Өңдеу өндірісі технологиясы» мамандығының студенттеріне мерекелік кеш ұйымдастырылды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінде университетіміздің 65 жылдығына орай «Өңдеу өндірісі технологиясы» мамандығының жоғары курс студенттері бірінші курс студенттеріне мерекелік кеш ұйымдастырды.
Кешке жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетінің деканы Н. Темірбеков және кафедра мұғалімдері қатысты. Кешті ұйымдастырған – жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті тәрбие ісі жөніндегі деканының орынбасары және куратор А. Қалитова және жоғарғы курс студенттері.