Өміріміздің басты кезеңдері өтіп жатқан студеттер үйі бұл бізге екінші үйіміздей екені анық. Ал осы екінші үйімізді барынша таза ұстап, тәртіптеріне бағыну біздің міндетіміз.
Осыны негізге ала отырып, қаңтардың 24-і күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің тәрбие жұмысы және әлеуметтік сұрақтар бөлімінің маманы: Айтуғанова А.Н., Жастар ісі жөніндегі комитет төрағасы: Батырбай Ә.Т., «Жас Отан»ЖҚ төрағасы: Басбақпаев Қ.С., «Серпін» сардары: Анасов Б.М. және Салықов Р., Халықаралық клуб мүшесі: Қадылбек А. №3, №4, №5 студенттер үйін тексерді.
Нәтижесінде үнемі таза болатын бөлмелер -17, 25, 20, 27, 33, 71, 110, 133,135,140- қыздар; 76, 92, 106,142- жігіттер - №4 Студент үйі; 168, 173, 260, 295, 208, 207, 286-қыздар; 201, 187, 293, 248 - жігіттер - №5 Студент үйі; 41 А-1, 53А-2, 63А-3, 71А-3, 72А-1,81А-4 - қыздар; 53 А-1, 63А-1, 71 А-2, 93 А-3- жігіттер - №3 Студент үйі.
Тексеріс барысында студенттер өздеріне қатысты сұрақтаға жауап алды.
Және студенттер үйінде ішкі тәртіп сақталған, бөлмелер таза деген қорытындыға келдік.
Жастар ісі жөніндегі комитет