Демалыс күні Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультеті Жастар ісі жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен алғаш рет Студенттер үйлері арасында «Ойлан, ізде, тап» квест-ойыны өтті.
Оған №1, №3, №4 Студенттер үйлерінің командасы қатысты. Ойын Студенттерге қызмет көрсету орталығы алдынан басталды.
Ойын ережесіне сәйкес қадағалау нүктелері орнатылған бағыттар бойынша жүріп өту керек. Әр нүктеде командаларға түрлі тапсырмалар берілді – шығармашылық, логикалық, физикалық және т.б. Бағытты аз уақыт ішінде жүріп, барлық тапсырманы дұрыс орындаған команда жеңіске жетеді.
№1 Студенттер үйі бас жүлдені жеңіп алды. Олар ойынның кілт сөзін бәрінен бұрын жинады.
Барлық қатысушылар мадақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Жаратылыстану ғылымдары және технологиялар факультетi