- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
5 қыркүйек күні №3 оқу ғимаратында Студенттер үйлерінің студенттік кеңестерінің кезекті отырысы өтті.
Отырыс жұмысына студ кеңестердің төрағалары мен мүшелері, «Серпін - 2050» мемлекеттік бағдарламасы бойынша білім алып жатқан белсенді студенттер қатысты.
Отырыс барысында келесі мәселелер қаралды:
– бірінші курс студенттері және Студенттер үйлеріне қайтадан қоныстанған студенттермен жұмыс; бөлмелердің санитарлық жағдайы; мәдени шараларды өткізу жоспары; тазалық жұмыстарын, сенбіліктер өткізу; Студенттердің студент үйлерінде тұру ережелерін сақтауларын тексеру бойынша рейдтер өткізу.
Студенттік үйлердің кеңестерінің университет өмірінде алатын орны ерекше, студ кеңес мүшелері негізгі әлеуметтік, моральді және этикалық мәселелерді шешуге ат салысады.
Студенттер үйлерінің Студенттік кеңестерінің негізгі мақсаттары
Тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер бөлімінің маманы, Айтуғанова А.