Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттер Жастар театрының актерларымен кездесті

Тарих, филология және халықаралық қатынастар факультетінің қазақ тілі және әдебиеті, сондай-ақ журналистика мамандығының студенттері облыстық драма театры жанынан құрылған Жастар театрының актерларымен кездесті.

Кездесуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен жиналған Астанадағы «Шабыт» өнер университетінің, Алматыдағы Т. Жүргенев атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының түлектері, Жақсылық Бағдатов, Дарын Қалибекұлы, Ержан Амантаев, Абай Хасенов, Айдос Нұрмағамбетов сынды жастар театрының дарынды актерлары шақырылды.

Студенттер көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, ашық әңгімелесті. Актерлар өз кезегінде актерлық шеберліктің қыр-сырын үйретіп, қызықты оқиғаларымен бөлісті. Алдағы жоспарларын айтып, жуық арада премьера болатынын тілге тиек етті.

Кездесу соңында студенттер өнерлі жастардан қонақкәде сұрап, актерлар өнерлерін көрсетті. Бірі қойылымнан үзінді монолог оқыса, бірі гитара шертіп ән айтты, келесісі домбырада күмбірлете күй шертті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo