С. Аманжолов атындағы ШҚМУ оқу-әдістемелік жұмыс бойынша 10 бағытты айқындады.
Аталған бағыттардың бірі - университетте бұрын кадрлар даярламаған жаңа бағыттарға лицензия алу үшін құжаттарды әзірлеу
(8D01101 – «Педагогика және психология», 8D01301 – «Педагогика және бастауыш білім беру әдісі», 8D05101 – «Биология», 8D04201 – «Заң»). Сонымен қатар, қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып оқыту ісін жетілдіру, сапалы электронды оқу-әдістемелік материалдар кешенін әзірлеу, жаңа үш тілді топтар (6В03103 «Халықаралық қатынастар», 6В01507 «Химия – Биология», 6В01506 «География», 6В02301 «Аударма ісі», 7М03101 «Психология»)
ашу жоспарлануда.
Сонымен қатар, ЖОО-ғы білім беру бағдарламаларының мазмұнын заманауи тенденция және трендтерге сәйкес жаңарту жұмыстары жалғасады.
Әрбір студентке онлайн-курстар қолжетімді болу үшін, цифрлық білім беру ресурстарын дамыту мақсатында, ШҚМУ «Қазақстанның ашық университеті» платформасына қосылуды жоспарлауда.
Баспасөз қызметі