Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттердің конкурстық жұмыстары ШҚМУ-ды үшінші орынға көтерді

ШҚМУ студенттері кәсіби оқу орындары педагогтарының және білім алушыларының ІІ халықаралық «Professional stars-2018» байқауынан жүлдемен оралды.

«Әлеуметтік жұмыс» мамандығының 1, 4 курстар студенттері «Жас ғалымдардың зияткерлік дамуы» жобасы аясындағы «Professional stars-2018» кәсіби оқу орындары педагогтарының және білім алушыларының ІІ халықаралық байқауының 3-ші сессиясына қатысты. Байқауды «Русальянс Сова» (Ресей, Мәскеу) ұйымы өткізді.

Конкурсқа Ресей, Беларусь, Болгария, Грузия, Қазақстан, Қытай, Қырғызстан, Латвия, Молдова, Тәжікстан, Түркменстан, Өзбекстан елдерінің өкілдері қатысты.

ШҚМУ студенттері жүлделі орындар алды. Атап айтсақ, Еркежан Бабышева, Әсем Советова 1 орынға, Мәдина Аманғалиева, Арина Берик 2 орынға, Әзиз Чуюмбаев 3 орынға ие болды. Жетекшілері – педагогикалық білім және менеджмент кафедрасының доценті Гаян Нұрахметқызы Ғұбайдуллина.

Студенттеріміздің конкурстық жұмыстары ШҚМУ-ды 13 елге қарасты 269 кәсіби оқу орнының үздік ондығындағы үшінші орынға шығарды.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo