Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

СТУДЕНТТЕРГЕ 400-ДЕН АСТАМ БОС ЖҰМЫС ОРЫНДАРЫ ҰСЫНЫЛДЫ

Оқу орнын аяқтағалы отырған түлектер үшін ары қарай ең маңызды қадам жұмысқа орналасу. Осы орайда Өскемен әкімдігінің Халықты жұмыспен қамту орталығы және Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті тамаша шара ұйымдастырды.

Облыс орталығындағы 45 ұймының өкілдері жоғары оқу орындарының түлектерімен танысып, оларға 400-ден астам бос жұмыс орындарын ұсынды.

– Кең форматтағы бос орындар жәрмеңкесін жылына екі рет – мамыр және қыркүйек айларында өткіземіз. Аталған шараға экономиканың түрлі салаларындағы 45 кәсіпорын қатысты, - дейді Халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Раиса Жүнісова.

Түлектер бос жұмыс орындары туралы біліп, өздері үшін ең жақсы ұйымдар мен қолайлы еңбек жағдайларымен танысты. Осындай жәрмеңкелердің арқасында болашақ мамандар кәсіпорындар туралы қажетті ақпаратты жылдам алады. Жұмыс орнын табу да оңайға түседі.  

– Өте маңызды шара. Студенттер үшін мұндай іс-шаралар тіпті қажет, өйткені көп жерге жұмыс тәжірибесінсіз алмайды. Мансап жолында жақсы бастама болар ұйым кездестіруің мүмкін, - дейді Жоғары колледждің «Құқықтану» мамандығының үшінші курс студенті Ксения Назаренко.

Шара мұнымен аяқталған жоқ. Бизнес және құқық жоғары мектебінің студенттері үшін Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментінде Ашық есік күні өткізілді. Оларға мемлекеттік қызметке орналасу туралы айтылды. Сондай-ақ, ол үшін не істеу керек, қандай құжаттар қажет және мемлекеттік қызметкер бойында қандай қасиеттер болу керек жайы сөз болды.

– Бізде жылына екі рет қызметке қабылдау жүретіндіктен, студенттерге бізге қалай қабылдануға болатынын түсіндіргіміз келді. Көбі сұрақтар қойып, қызығушылық білдірді. Бос жұмыс орындарына қызығушылық танытқандары қуантады, - дейді ШҚО бойынша Экономикалық тергеу департаментінің әкімшілік басқармасының басшысы Райхан Рахматуллина.

Жәрмеңке соңында жұмыс берушілер студенттердің жеке деректерін алып, байланыс орнатпақ ниетте екендерін білдірді. Экономикалық тергеу департаментінің басшылығы да жастармен одан арғы ынтымақтастық үшін қайта кездесу ұйымдастырмақ ойда қалды.

Қазақ
× You found a Typo