- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Ядролық физика және физика-информатика мамандығының куроторлары А.Б. Төкежанов пен Ж.Б. Тоқтағұлова 1 курс студенттеріне сессия кезінде емтихан тапсырудың ережелерін онлайн форматта таныстырды.
Іс-шара барысында қорытынды бағаны есептеудің формуласы, емтихан жұмыстары жүргізілетін платформалар, мұғалімнің алдын ала дайындық жұмыстары, студенттерге қойылатын талаптар, тест емтиханын онлайн режимде прокторник арқылы тапсыру рәсіміне қойылатын талаптар және ең бастысы «Таза сессия» қағидасын қатаң ұстану мәселелері түсіндірілді.
Емтиханды онлайн тапсыратын болғандықтан барлық студенттерге интернеттік желілерін, техникалық құралдарын түгендеп, алын ала дайындық жасау ескертілді.
Физика кафедрасы