Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттерге фото түсірудің қыр-сыры туралы семинар өтті

29 қазан күні журналист мамандығында оқитын бірінші және үшінші курс студенттері «Дидар» газетінің тілшісі, карикатура салу мен фотоға түсірудің жас маманы Мерей Қайнарұлымен кездесті. 

Семинар ардагер тілші Айтмұхамет Қасымовтың бастамасымен өтті. «Фото түсірудің әліппесін енді ғана бастап жүрмін» деген Мерей Қайнаров өзінің соңғы сәтті түсірген фотоларын көрсете отырып, фото жанрларына, фотоға түсірудің тарихына, фототілшінің әдебіне қысқаша тоқталды. Фотоөнер – қас қағым сәттің шежіресі екенін түсіндіріп, жақсы фотоға түсіру үшін табиғаттың қолайлы кезеңдерін күтетінін айтты.

– Фотоға түсірудегі басты талаптары – ерекше байқағыштық, керек сәтті тез қағып үлгеру және қажетті кадрды таңдай білу, – деді.

«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан Әбдірайымұлы мен әйгілі фотосуретші Түсіпбек Сләмханұлы – өзі үлгі тұтатын, фотоға түсірудің қыр-сырын үйренетін ұстаздары екенін айтты. Семинар қызықты өтті, студенттер мұндай кездесулердің жиі болып тұруына өтініш білдірді.

Баспасөз қызметі

Қазақ
× You found a Typo