- Қазақ
- Русский
- English
- Qazaq tili
Сәуір айының 8 күні С.Аманжолов атындағы ШҚМУ- нің студенттері «Үміт» балалар үйіне барып қайтты.
Ізгілікті ту еткен жастардың басты мақсаты бүлдіршіндердің көңілін көтеру, мейірімге бөлеп, уақытты қызықты өткізу болды.
Бағдарлама таныстыру, би билеу, ойын ойнау, бірлесіп сурет салу сияқты бөлімдерден тұрды. Әр бөлім өзінше қызықты болды. Бастысы балалар үйіне барған студенттеріміз бүлдіршіндерге өз мейірімімен шапағаттын көрсетт.
Бүлдіршіндерге кішігірім сыйлықтар мен естелікке энциклопедиялар табыс етілді. Балалардың қуанышқа толы жүздері мен бақытты күлкілеріне куә болу – бақыт. Өзгелерге бақыт сыйлау арқылы өздері бақытқа кенелген белсенді жастарымыздың ізгі істерінің жалғасын табуына тілектеспіз!
С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-нің «Нұр Отан » партиясы жанындағы «Жас Отан» ЖҚ – бастауыш бөлімі төрағасы Басбақбаев Қ.