Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттеріміз «Алтай-Азия-2017» форумына қатысты

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ биология және экология мамандығының 4-курс студенттері Назым Рахметоллақызы, Шынар Түстібаева және география мамандығының магистранты, Студенттер мен жас ғалымдардың ғылыми зерттеулерін дамыту орталығының маманы Шахризада Найзабаева 14-18 қыркүйек аралығында Ресейдің Барнаул қаласында өткен ІІІ «Алтай-Азия-2017» Азия университеттері студенттерінің форумына қатысты.

Аталған форумның басты мақсаты – Азия өңіріндегі жоғары білімнің интеграциялық дамуы, сонымен қатар Ресей және Азия мемлекеттері студенттері мен студенттік ұйымдары арасында қарым-қатынасты нығайту. Халықаралық форумға Орталық Азиядағы 8 мемлекеттің 20-дан аса жоғары оқу орындарынан жастар және жас ғалымдар қатысты. Ресей, Қазақстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Үндістан, Қытай және Моңғолиядан келген белсенді жастар мен жас ғалымдардың жалпы саны – 180-ге жуық.

Форумның экология бойынша секциялық отырысына Н. Рахметоллақызы, Ш. Түстібаева тыңдаушы, ал Ш. Найзабаева сарапшы ретінде қатысты.

Фестиваль жоғары деңгейде өтіп, Азия университеттері студенттері мен ұйымдары арасында достық қарым-қатынасты нығайтты.

Салтанатты жабылу рәсімінде университеттердің басшылары Азия университеттері қауымдастығының жастар кеңесін құру туралы шешімге қол қойды, сонымен қатар қатысушыларға сертификат және Алтай мемлекеттік университетінен оқу орнымыздың ректоры Әлібек Қуандықовқа алғыс хат табысталды.

Студенттер мен жас ғалымдардың

ғылыми зерттеулерін дамыту орталығы

Қазақ
× You found a Typo