Error message

  • Warning: Creating default object from empty value in ctools_access_get_loggedin_context() (line 1411 of /var/www/modules/ctools/includes/context.inc).

Студенттеріміз көркемсөз оқу байқауынан жүлде алды

С. Аманжолов атындағы ШҚМУ «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері О. Бөкей атындағы қалалық көркемсөз оқу шеберлерінің байқауынан жүлделі оралды.

Өскемен қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қолдауымен Орталық қалалық кітапханада өткен мемлекеттік және жастар сыйлықтарының иегері, жерлес жазушы О. Бөкей атындағы көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауына «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының студенттері Шапағат Шәріпбек, Жадыра Әбдірахманова, Эльмира Орманбек, Естай Жанабаев, Жүрсін Жұмабаев, Жанбота Шерікбай қатысты.

Олар О. Бөкейдің прозалық, драмалық шығармаларынан үзінді, белгілі ақындардың Астананың 20 жылдығына арналған бір өлеңін мәнерлеп, жатқа оқудан сайысқа түсті. 3 курс студенттері Шапағат Шәріпбек жүлделі 2 орын иеленіп, Катонқарағай ауданында өтетін облыстық жарысқа жолдама алды.

Жадыра Әбдірахманова ынталандыру сыйлығымен марапатталды. Эльмира Орманбек, Естай Жанабаев, Жүрсін Жұмабаев, Жанбота Шерікбай концерттік бағдарламаға атсалысып, өнерлерін көрсетті.

Аталмыш шара Оралхан Бөкей рухының мәңгілік екенін тағы да паш етті.

Қазақ, орыс филологиясы және журналистика кафедрасы

Қазақ
× You found a Typo